Қазақстаннан Әзербайжанға үш жаңа бағыт іске қосылады, деп хабарлады көлік министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 16 маусымнан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 30-дан 33 рейске дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, әуе компаниясы Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет және Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр.