Қазақстанға осы аптада екі елдің президенті ресми сапармен келеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың хабарлауынша, 5-6 қараша күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.

5-7 қараша күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді. Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.

6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.