Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктердегі депозиттерінде жатқан қаражат көлемі 25 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда барлық депозиттегі қаражаттың 84%-ы, яғни 21 трлн теңгесі ұлттық валютамен сақталған. Қалған бөлігі АҚШ долларындағы депозиттерге тиесілі.

Қай өңірде ең көп ақша жинақталған

Депозиттердегі қаражаттың басым бөлігі бірнеше өңірге тиесілі. Ең көп ақша мына өңірлерде жинақталған:

  • 01Алматы – 9,6 трлн теңге;
  • 02Астана – 3,2 трлн теңге;
  • 03Қарағанды облысы – 1,4 трлн теңге;
  • 04Батыс Қазақстан облысы – 1,2 трлн теңге;
  • 05Шымкент – 1,1 трлн теңге.

Ал депозиттердегі қаражат көлемі ең аз өңірлер қатарында Жетісу облысы – 303,9 млрд теңге, Алматы облысы – 232,4 млрд теңге және Ұлытау облысы – 168,2 млрд теңге бар.

Депозиттердің өсу динамикасы

Айта кетері, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың депозиттері 15%-ға өсіп, 28 трлн теңгеден асқан болатын.

Баламалы инвестициялық құралдар

Қазақстандықтар қаражатын сақтау және көбейту үшін депозиттермен қатар басқа да қаржы құралдарына назар аудара бастады. Бүгінде елдің қаржы нарығында инвестициялаудың түрлі құралдары бар. Олардың қатарында:

  • 01банктердің депозиттік сертификаттары;
  • 02Ұлттық банк шығаратын өлшемді алтын құймалары;
  • 03пайлық инвестициялық қорлар;
  • 04өмірді сақтандыру өнімдері;
  • 05қор нарығының басқа да құралдары бар.