Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті шетелде жылдам жұмысқа орналастыру туралы тартымды жарнамаға сенбеуге қатаң кеңес берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның ақпараты бойынша, мұндай ұсыныстардың көпшілігі Қазақстанда ресми тіркеуі жоқ және құқықтық өрістен тыс әрекет ететін шетелдік делдалдар мен күмәнді ұйымдардан келеді.
«Тексерілмеген интернет-ресурстар арқылы жеңіл табысқа ұмтылу сенгіш азаматтар үшін ауыр салдарға әкеп соғады. Отандастарымыз ірі қаржылық шығындарға, құқықтық кепілдіктердің толық болмауына және шетелде елеулі қиындықтарға тап болу қаупіне ұшырайды. Мұндай схемаларды ұйымдастырушылар көбінесе республикадан тыс жерде болады, бұл зардап шеккендердің құқықтарын қорғауды өте қиындатады», — деп атап өтті Комитетте.
Ведомствода азаматтарды сергек болуға, әлеуметтік желілердегі кездейсоқ хабарландыруларға сенбеуге және күмәнді рекрутерлерге ақша аудармауға шақырады.
«Шетелде қауіпсіз жұмысқа орналасу тек ресми, аккредиттелген операторлар арқылы, барлық құжаттар мен рұқсаттарды міндетті түрде алдын ала тексеру арқылы ғана мүмкін», — деді ведомствода.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда жыл басынан бері адам саудасының 85 фактісінің жолы кесілгенін жазған болатын.
