Қазақстандықтардың шетелде жұмыс істеуін ұйымдастыру бойынша еңбек мобильділігі орталықтарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларының жобасы әзірленді. Бұл туралы Todayinfo хабарлады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, құжаттың мақсаты — шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау, еңбек қызметін тиімді ұйымдастыру және олардың құқықтарын қорғау.
Жаңа қағидалар:
- 01Шетелде азаматтарды жұмысқа орналастыруға қатысатын жеке агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілейді.
- 02Агенттіктердің еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
- 03Жеке агенттіктердің шетелде жұмысқа орналасқысы келетін адамдарды іріктеу және даярлау тәртібін реттейді.
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімі құрылады.
Құжат 25 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.