2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды Polisia.kz. Бес жыл бойы іздеуде жүрген 46 жастағы Қазақстан азаматы Анталия қаласында ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет еткен. Ол сенімге кіру арқылы еліміздің 1300-ден астам азаматының 6 миллиард теңгеден астам қаражатын иемденген, – дейді полиция.
26 маусымда іздеуде жүрген әйел Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды. Жалпы жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен 117 адамды ұстады. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.
