Қытайда өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыста Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова жеңіс тұғырына көтерілді. Айнегов U17 жас санатында қарсыластарын басып озды. Ол супер спринтті 00:25:49 нәтижесімен аяқтады. 15 жасқа дейінгі жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56-да бағындырды. 14 маусымда эстафетада мықтылар анықталады.