Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы бұл мәліметті 2026 жылдың II тоқсанында жүргізілген іріктемелі зерттеу деректеріне сүйеніп әзірледі.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі мына салаларға тиесілі:

  • 01сауда – 16,8%;
  • 02білім беру – 13,3%;
  • 03өнеркәсіп – 12,4%;
  • 04ауыл шаруашылығы – 10,5%;
  • 05көлік және қоймалау – 7,1%;
  • 06құрылыс – 6,8%;
  • 07денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,6%.

Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркелді – 37 мың адамға. Сондай-ақ білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 31,1 мың адамға, денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамға өскен.