Қазақстандықтардың кредит жүктемесі өсіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтегі брифингте ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдегендей, қарыз ауыртпалығын азайту және халықтың қаржылық белсенділігін жақсарту үкіметтің басымды бағыттағы жұмыстары болып табылады.

«Мен халықтың қарыз ауыртпалығы және тұтынушылық несиелердің өсуі мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша банк секторының несиелері 25 триллион теңгеге жетті. Тұтынушылық несиелер оның үштен екі бөлігінен астамын құрайды, бұл 10 триллион теңгеден асады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп жатыр», - деді вице-министр.

Ол бірінші несие бюросының аналитикалық орталығының мәліметтері бойынша, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюроға ақпарат ұсынатын барлық ұйымдар алдындағы халықтың қалған қарызы 27,5 триллион теңгені құрағанын айтты.

«Бұл сомаға жеке кәсіпкерлерге берілген несиелер кірмейді, келесі төлемге есептелген пайыздар ескеріледі және есептен шығарылған қарыздар кірмейді. Осы күнге тұтынушылық несие портфелі 39,4 миллион несиемен 8,95 миллион қарыз алушыдан тұрды. Орташа есеппен бір қарыз алушыға 4,4 несиеден келді», - деді Әмрин.