Қазақстандық «Еуразиядағы достық байланысы: ұлттар мәдениетіне саяхат» білім беру жобасы «Еуразия» халықаралық сыйлығының «Үйрету өнері» номинациясында екінші орын иеленді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаны Ирина Лаврешина әзірлеп, байқауға ұсынған.
«Еуразиядағы достық байланысы: ұлттар мәдениетіне саяхат» жобасы оқушыларды Еуразия халықтарының тілдерімен, фольклорымен, салт-дәстүрлерімен және өнерімен шығармашылық ойындар арқылы таныстырады.
Жобаның мақсаты – балалардың түрлі халықтардың мәдениеті туралы білімін кеңейтіп, мәдениетаралық қарым-қатынас пен өзара түсіністікті дамыту.
Сондай-ақ «Тамшылар» жобасы «Еуразия» сыйлығында екінші орын алды.
