Ресейдің Омбы қаласында ТМД елдерінің студенттік жасақтары бас қосып, жастар саясаты мен халықаралық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Иртыш – территория дружбы и созидания» атты ТМД елдерінің студенттік жасақтары слеті өтті. Іс-шараға Достастық елдерінің жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиын аясында Қазақстан мен Ресейдің жастар ұйымдары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қатысушылар жастар дипломатиясын дамыту, волонтерлік қызметті жетілдіру және студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау жөнінде пікір алмасты, деп жазылған хабарламада.
