Фото: https://www.instagram.com/zhasmina.tuzelova

Қазақстандық дарынды әнші Жасмина Түзелова Ресейдің әйгілі «Голос. Дети» музыкалық жобасының финалына шықты, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

Жас орындаушы бұл қуанышты жаңалықты өз парақшасында жариялап, жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді:

««Мен “Голос. Дети” жобасының финалына өттім! Бұл кезең – өмірімдегі ең толқытқан сәттердің бірі болды. Жекпе-жек кезеңінде тамаша қатысушылармен бірге ән айтып, нағыз музыка мерекесін сезіндім. Қолдау білдірген баршаңызға көп рақмет — алда финал!» — деп жазды ол.»

Айта кетейік, Жасмина Түзелова — Қазақстанның жас дарындарының бірі. Ол бұған дейін де түрлі халықаралық байқауларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген. «Голос. Дети» жобасының финалына шығу — оның шығармашылық жолындағы үлкен жетістік.

Финалдық кезең жақын күндері эфирге шығады. Әншінің жанкүйерлері қазірден бастап Жасминаға сәттілік тілеп, әлеуметтік желілерде қолдау көрсетіп жатыр.