Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін B класында ерлер арасындағы 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев алтын медаль иеленді. Олардың уақыты - 2 сағат 1 минут 21 секунд.

Ал Кирилл Илюкевич пен пилот Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижесімен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова (2 сағат 5 минут 47 секунд) алтын медаль жеңіп алса, Жұлдыз Қайнарова мен пилоты Анжелла Соловьева төрт секундқа қана кешігіп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетері, бұған дейін Наиль Ермұханбет пен Руслан Әлиев 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда алтын алған. Ал Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский күміс медаль иеленген болатын.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 47 медаль бар: 12 алтын, 15 күміс және 20 қола.