Қазақстанның триатлоннан жасөспірімдер құрамасы Румынияның Изворани қаласында өткен Еуропа Кубогі кезеңінде аралас эстафетадан күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Күміс жүлдегерлер қатарында Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко бар. Олардың нәтижесі 01:34:56 болды.

Жеңіс Румыния құрамасына бұйырды — 01:34:31. Үшінші орынды Түркия иеленді — 01:35:42.

Бұған дейін Диана Ержанова жеке сында алтын медаль жеңіп алған болатын. Спортшы 00:35:41 нәтижемен бірінші орынды иеленді.

Екінші орынды румыниялық Тунде Крисан (00:35:48) алса, үштікті италиялық Элис Вентре (00:35:50) түйіндеді.

Алуа Нұрмұхамет бесінші (00:36:03), Калерия Шнайдер алтыншы (00:36:07), ал Аида Ким тоғызыншы (00:36:13) болды.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның әйелдер күресі құрамасының көшбасшысы Жәмиля Бакбергенованың Будапеште өткен халықаралық рейтингтік турнирде күміс жүлдегер атанғанын жазған болатын.