Қазақстандық Team KZ Астанадағы «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде фиджитал-шутерден топ жарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Финалдық бәсекеде Team KZ ресейлік Liga Pro Team командасын жеңді. Алдымен командалар Counter-Strike 2 ойынында бақ сынады — жеңісті Team KZ иеленді.
Кейін лазертагта Liga Pro Team командасы басым түсіп, есепті теңестірді - 1:1. Шешуші ойында командалар қайтадан Counter-Strike 2 ойынында кездесті.
Team KZ жеңіске жетіп, осы дисциплина бойынша чемпион атанды.
