Қазақстан азаматы Ташкент метросында 10 мың доллар көлеміндегі купюраларды түсіріп алды. Ақшаны бейжай қалмаған жолаушы әйел тауып алып, метро қызметкерлеріне тапсырды, ал полиция оның иесін тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ташкент метрополитінің баспасөз қызметі жақында болған оқиға туралы хабарлады. Жолаушы станция бойымен келе жатып, сөмкесінен купюраларды түсіріп алған. Кадрларда оларды көп ұзамай баласымен келе жатқан әйел тауып алып, метроның қауіпсіздік қызметіне тапсырғаны көрінеді.
«Ташкент метрополиті» адалдық, әдептілік және жоғары азаматтық жауапкершілік танытқан әйелге алғысын білдірді. Өзбекстан ІІМ бейнебақылау камераларының жазбалары мен Face ID жүйесінің көмегімен ер адамды тапқанын мәлімдеді.
Ақшаны Қазақстан азаматы жоғалтқаны анықталды. Ол Өзбекстан астанасына автокөлік сатып алу үшін келгенін айтты. Сергелі автобазарына бара жатқан жолда ер адамның сөмкесінен ақша түсіп қалған. Қазақстандық жоғалтуды тек автобазарда білген.
Ер адам құқық қорғау органдарына жеделдігі мен қаражатты қайтаруға көмектескені үшін алғыс айтты.
