Бахрейн астанасы Манамада өткен 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстанның шпагашылар мен саблисткалар командалық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлер шпага командасы әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Қазақстанның абыройын қорғады. Кирилл Проходов, Георгий Тинников және Михаил Кузьмин Қырғызстан құрамасын 45:35, Өзбекстан құрамасын 45:39 есебімен жеңді. Финалда Гонконг командасын 45:44 есебімен ұтты. Әлем, Азия және Азиада чемпионы Проходов Бахрейндегі турнирде жеке алтынға командалық алтынды қосты.

Әйелдер саблисткалар турниріне барлығы үш команда қатысты. Гонконг құрамасы ең жоғары рейтинг бойынша бірден финалға шықты. Қазақстандықтар Индияны 45:30 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Алтын үшін матчта Қайша Жаныбек, Диляра Исабекова және Адема Серикбай қарсыластарының қарсылығын бұзды.

Соңғы үш сайыс алдында қыздарымыз бар болғаны бір ұпаймен алда болды – 30:29. Матчтың соңы Қазақстанның пайдасына шешілді – 45:36. Жаныбек жеке турнирдегі күміске командалық алтынды қосты. Исабекова да үйге екі медальмен – қола және алтынмен оралады.

Манамадағы жастар фехтование континенттік біріншілігі ертең рапирашылар мен шпагашы әйелдердің командалық турнирлерімен аяқталады.