Үндістан астанасында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар әйелдер рапирасы мен ерлер семсерінде бақ сынады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
София Актаева 1/8 финалда оңтүстіккореялық рапирашы Мо Бельден 4:15 есебімен ұтылып, 12-орынға ие болды. Алена Гноева бір айналым бұрын жапониялық Комаки Кукучимен дәл осындай есеппен жекпе-жек аяқтап, 22-орынға тұрақтады. Алина Искандерова 59 семсершінің ішінде 40-орынды иеленді.
Аталған Кукучи қола жүлдеге ие болды, ал әйелдер рапирасындағы жүлде тұғыры толығымен жапондықтарға бұйырды. Бірінші орынды Юки Уено, екінші орынды Сера Азума алды.
Ерлер семсерінде Азия чемпионы атағы Оңтүстік Кореядан шыққан олимпиада чемпионы О Сан Укке бұйырды. Күміс жүлдені қытайлық Шаотонг Люо иеленді, қола жүлдені жапониялық Шидо Цумори мен оңтүстіккореялық До Ген До бөлісті.
Қазақстандық семсершілер Артем Саркисян мен Жанат Набиев 1/8 финалға дейін жетті. Саркисян 11-орын, Набиев 16-орын алды. Назарбай Саттархан 1/16 финалда «қола» жүлдегер Цумориден 14:15 есебімен бір ұколмен ұтылып, қорытынды классификацияда 21-орынға тұрақтады. Бакдаулет Куралбекулы 69 семсершінің ішінде 55-орында.
Семсерлесуден Азия чемпионаты алғаш рет 1973 жылы өткізілді. Содан кейін 1989 жылға дейін ұзақ үзіліс болды. Ал 2007 жылдан бастап турнир жыл сайын өткізіліп келеді. 29-рет өтіп жатқан чемпионатқа қазақстандық 26 спортшы қатысуда.
