Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Командалық жарыста Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов пен Кирилл Павлов алдымен Түркияны (45:20), одан кейін Гонконг құрмасын (45:28) айқын басымдықпен жеңген.

Ширек финалда мысырлықтарды 45:40 есебімен, ал жартылай финалда Францияны (45:39) тізе бүктірді. Финалда қазақстандық семсерлесушілер Ресей командасымен кездесті.

Қызықты әрі тартысты жекпе-жектер 45:40 есебімен аяқталды. Айта кетері, семсерлесуден Әлем кубогы Марокконың Касабланка қаласында өткен болатын.

Биыл шілде айында қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын.

Осы жолы командада Руслан Құрбанов пен Ерлік Сертайдың орнына Александр Федотов пен Кирилл Павлов барған.