Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы семсерлесуден алтын алды. Ерлер құрамасы шпага бәсекесінде топ жарды.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін өткен кездесуде Украина құрамасымен жолықты. Шешуші кездесу 40:45 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Турнир барысында қазақстандықтар Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді. Осылайша, шпагашылар тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Бұған дейін бұл сайыстағы команданың ең жоғары жетістігі 2025 жылы жеңіп алған қола медаль болатын, дейді Ұлттық олимпиада комитеті.
