Қарағанды облысының полицейлері алғаш рет жасанды интеллектісі бар робот-итті қызметке шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Polisia.kz мәліметінше, жаңа технология нәтиже көрсетті: екі күн ішінде робот бұқаралық іс-шаралар кезінде адамдар арасынан төрт құқықбұзушыны табуға көмектесті.

Робот-итті Балқаш пен Теміртаудағы Металлург күнін мерекелеу кезінде сынақтан өткізді. 17–18 шілдеде мерекелерге 115 мыңнан астам адам қатысты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция жеке құрамды күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырып, 1 мыңнан астам қызметкерді тартты.

Полицияның ақпараттық базаларымен интеграцияланған робот-ит нақты уақыт режимінде құқық қорғау органдарының көз алдындағы адамдардың бет-әлпетін тани алады, бұл іздеудегі азаматтарды тезірек анықтауға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қызмет кезінде робот осындай төрт адамды анықтауға көмектесті. Олардың барлығына қатысты заңда көзделген шаралар қабылданды.

Бұқаралық іс-шаралар кезінде полицейлер 3 пен 17 жас аралығындағы 87 жоғалған баланы тауып, ата-аналарына қайтарды.

Полицияда роботтандырылған технологияларды қолдану ішкі істер органдарын цифрлық трансформациялаудың кезекті кезеңі болғанын атап өтеді. Ведомствоның пікірінше, мұндай шешімдер қоғамдық тәртіпті қорғау тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін жаңа деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Курсив Авто робот-полицейлер Астананың сауда орталықтары мен вокзалдарын патрульдегенін хабарлаған болатын. Ал мұнда робот-иттердің Ақтау көшелеріне шыққаны туралы оқуға болады.