Минскіде өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің IX съезінде қазақстандық педагогтер марапатталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстан делегациясының үш мүшесі «ТМД білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар қазақстандық педагогтер IV Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде екі бірінші және бір екінші орынды иеленді.
Марапат иегерлері
Министрлік жариялаған тізімде үш педагогтің есімі көрсетілген:
- 01Жаубай Қараев — Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері;
- 02Бану Нарбекова — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры;
- 03Алина Соловьёва — Шымкент қаласындағы А. С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі.
Съезд жұмысы
Съезге жеті мемлекеттің өкілдері қатысты. Қатысушылар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, педагогтердің кәсіби ұтқырлығын арттыру, инновацияларды енгізу және тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату мәселелерін талқылады.
Бұл шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және озық тәжірибе алмасуға бағытталған.
