Қазақстандық спортшылар Дохада (Катар) өтіп жатқан пулялық атудан әлем чемпионатында 10 м пневматикалық винтовкадан жеке финалдарға шыға алмады. Құрама сапындағы ең үздік нәтижелерді Александра Ле мен Ислам Сатпаев көрсетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдер квалификациясында Ле 629,9 ұпай жинап, 30-орынды иеленді. Финалға үздік сегіз спортшы өтті. Квалификацияны Оңтүстік Кореяның олимпиада чемпионы Пан Хе Джин 636,9 ұпаймен бірінші аяқтады.
Тағы екі қазақстандық қорытынды кестенің екінші жартысында орналасты. София Шульженко 623,2 ұпай жинап, 85-орынды иеленді, Елизавета Безрукова 622,6 ұпаймен 92-орынға тұрақтады.
Ерлер квалификациясында қазақстандықтар арасында үздік нәтижені Сатпаев көрсетті. Ол 628,7 ұпай жинап, 33-орынды иеленді. Константин Малиновский 624,9 ұпаймен 68-орынды, Никита Шахторин 622,9 ұпаймен квалификацияны 77-орында аяқтады.
Квалификацияда бірінші орынды Қытайдың олимпиада чемпионы Шэн Лихао 637,2 ұпаймен иеленді. Үздік сегіздік финалда өнер көрсету құқығына ие болды.
Сатпаев, Малиновский және Шахториннен құралған Қазақстанның ерлер құрамасы барлығы 1876,5 ұпай жинап, 16-орынды иеленді.
Командалық турнирде алтынды 1901,6 ұпай жинаған және жаңа әлемдік рекорд орнатқан Қытай жеңіп алды. Күміс Хорватияға бұйырды – 1897,6, қола Норвегияға – 1894,1.
Ле, Шульженко және Безруковадан құралған Қазақстанның әйелдер құрамасы 1875,7 ұпай жинап, 17-орынды иеленді.
Әйелдер командалық есебінде Қытай жеңіске жетті – 1899,8 ұпай. Екінші орынды 1894,4 ұпаймен Үндістан, үшінші орынды 1892,6 ұпай жинаған Жапония иеленді.
Бұған дейін турнирде Қазақстан үшін алғашқы медальді Ирина Юнусметова 50 м пистолеттен атудан қола жүлдегер атанып, жеңіп алған болатын.
Пулялық және стендтік атудан әлем чемпионаты Дохада (Катар) 1-14 қараша аралығында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасын 30 спортшы қорғайды.
