Әлемге танымал киберспортшы Данил "Molodoy" Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2026 жыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. Киберспортшының бұл бастамаға қосылуы әлем жастары арасында волонтерлік мәдениет пен құндылықтарды ілгерілетуге тың серпін береді.
Айта кетері, 2025 жылы CS2 нұсқасы бойынша ең үздік спортшы атағы Данил Голубенкоға берілген еді.
