13-19 маусым аралығында Сочиде «Еуразия Кинофест» кинофестивалі өтіп жатыр. Ауқымды шараға әлемнің 53 елінен 700-ден астам кинорежиссер келді. Көрермен назарына 100-ден астам премьера ұсынылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестиваль аясында қысқаметражды фильмдер байқауы өтіп жатыр. Қазақстан режиссер Жанель Күжікпаеваның «Давай не будем спать?» туындысын ұсынды. Фильм 2025 жылы түсірілген, бұл әйелдердің көзқарасы арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас, ұлттық бірегейлік және ұрпақтар сабақтастығы тақырыбын зерттейтін нәзік авторлық драма.

Фестивальдегі қазылар алқасының құрамында қазақстандық актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнара Досматова бар. Байқауға қатысушылар тізімінде Ресейден, Оңтүстік Кореядан және басқа елдерден қысқа метражды фильмдер бар.

«Еуразия-Кинофест» халықаралық кино фестиваль президенті, продюсер Джаник Файзиевтің айтуынша, биыл конкурстық бағдарламаға тек премьералық фильмдер кірді.