Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова отандық фармацевтика өнімдері қай елдерге сатылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің мәліметінше, былтыр фармацевтика нарығының көлемі 1 трлн 285 млрд теңгеге жеткен. Соның ішінде қазақстандық өндіріс көлемі 37 процентке артқан.
Биыл да 8 айдың ішінде 157 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артық.
«Соңғы екі жылда салаға салынған инвестициялар көлемі 3,3 есеге, ал экспорт 1,9 есеге өсті. Экспортқа жолданатын негізгі мемлекеттер қатарына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Молдава кірді», – деді Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, 2026 жылдың қыркүйек айында қант диабетін емдеуге арналған дәрілік заттың алғашқы партиясы Болгарияға жөнелтілді.
Сонымен қатар министр бағаны 90 процентке дейін төмендетуге болатынын мәлімдеді.
