Қытайдағы бокстан Әлем Кубогында қазақстандық спортшылар 5 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ел қоржынына түскен соңғы алтын жүлдені Айбек Оралбай иеленді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында боксшы Германия өкілі Никита Путиловтан басым түсті. Бірауыздан төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін әлем кубогы кезеңінде Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын.

Ал Аида Әбікеева, Валерия Аксенова және Дина Исламбекова жарысты қола медальмен аяқтады.