[ad_1]

Алина Құдайгенова бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды.

Olympic.kz мәліметінше, бокстан Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында кезекті жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«2008-2009 жылғы жасөспірім қыздар арасында бір спортшымыз чемпион атанды. 63 келіде бақ сынаған Алина Құдайгенова Азия біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды, – делінген ақпаратта.»

Төрт боксшымыз финалда сүрініп, күміс медаль иеленсе, алты спортшымыз қола медальді қанағат тұтты. Аға бапкер – Айбек Әбілда.

Күміс жүлдегерлер:

  • 0148 келі. Айым Танкибаева;
  • 0160 келі. София Ващенко;
  • 0175 келі. Зарина Толыбай;
  • 01+80 келі. Сабина Жақсылық.

Қола жүлдегерлер:

  • 0146 келі. Мадира Жұмахан;
  • 0152 келі. Жамиля Болатбекқызы;
  • 0157 келі. Айғаным Қадырхан;
  • 0166 келі. Айсұлу Мұхит;
  • 0170 келі. Камила Оспанова;
  • 0180 келі. Айдана Убайдұллақызы.