Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы Голан жоталарында бөліну аймағын бақылау жөніндегі БҰҰ миссиясының құрамында жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын атқарып жүр.

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.

Миссия барысындағы негізгі көрсеткіштер

Ресми хабарламаға сәйкес, бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды.

Сонымен қатар 1800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды.

Осылайша, жалпы алғанда 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәрі жойылды.

Бұған дейінгі бітімгерлік қызметі

Айта кетері, бұған дейін қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында 90-нан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетті.

Әскерилер сол жерде Наурызды да тойлаған.

Бұған дейін министрлік олардың жалақысын жариялаған болатын.