Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) құрамында үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің қызмет атқара бастағанына тура төрт ай толды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кезеңде қазақстандық әскери қызметшілер 470 жедел іс-шара өткізіп, оның ішінде жауапкершілік аймағында 379 патрульдеу жүргізді.

Сонымен қатар 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 оқ-дәрі жойылды.

БҰҰ мандаты аясындағы міндеттер

БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес бітімгерлік ротаның әскери қызметшілері жауапкершілік аймағын патрульдеп, ахуалды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жедел әрекет ету күштерінің тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді.

Қажет болған жағдайда әскери қызметшілер бақылау бекеттерін күшейтуге, БҰҰ персоналын эвакуациялауға, сондай-ақ Ұйым өкілдері мен жүктерін алып жүруге тартылады.