Мәскеудегі «Каро 11 Октябрь» кинотеатрында қазақстандық «Алаяқтар» әлеуметтік криминалдық драмасының көрсетілімі өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы жылдары қазақ киносы табысты дамып келеді, көптеген қызықты және өзекті фильмдер экранға шықты. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметінше, бұл фильмдер Ресейде де үлкен танымалдылыққа ие, соның арқасында аудитория Қазақстан туралы, бүгінгі таңда қазақ қоғамын не мазалайтыны және қазақстандықтардың не ойлайтыны туралы көбірек әрі жақсырақ біле түсуде.

Елшілік бұл екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосылған тағы бір үлес екенін атап өтті. Көрсетілім қорытындысы бойынша «Алаяқтар» фильмі оң пікірлерге ие болды.