Қазақстанда көлік шығаратын ірі компаниялардың өкілдері ең арзан көліктерді атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Astana Motors» компаниясы ең арзан қытайлық модельді ұсынып отыр. «Алматыда шығатын Cherry Tiggo 2 моделінің бағалары 6 млн теңгеден басталады. Ал басқа қытайлық көліктердің көбісі 8-9 млн теңгенің айналасында тұрады», — деді компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаев үкіметтегі брифингте.
«СарыарқаАвтопром» компаниясында ең арзан көлікті 5,6 млн теңгеге сатып алуға болады. «Мысалы, Қостанайда шығарылатын Chevrolet Cobalt-тың бағасы 5 млн 600 мыңнан басталады. Ал қытайлық брендтердің бағалары - 8,5-9 млн теңге. Жалпы бағалары көліктің комплектациясына байланысты болады», - дейді директордың орынбасары Әжіл Шайкемелов.
