Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес, елде вице-президент лауазымы енгізілді. Осыған байланысты билік сабақтастығының тәртібі де өзгереді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа тәртіп бойынша, мемлекет басшысы қызметінен мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, республиканы вице-президент басқарады. Одан кейін билік сабақтастығы кезегінде Құрылтай төрағасы және премьер-министр тұрады.

Билік сабақтастығының барлық сатысын инфографикадан көруге болады.