Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 2026 жылдың 1 мамыры мен 17 тамызы аралығында теміржол көлігімен 19 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен бірдей. Тасымалданған көмірдің 17,8 млн тоннасы жылу электр орталықтарын қамтамасыз етуге, ал 1,2 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға жөнелтілді.

Қазіргі уақытта өңірлерде қатты отынның қажетті қоры қалыптастырылды. Коммуналдық-тұрмыстық секторда 300 мың тоннадан астам көмір, ал жылу электр орталықтарында 4,1 млн тонна көмір жинақталған.

Министрлік алдағы жылу беру маусымында көмірді тұрақты әрі уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Ресми мәліметке сәйкес, қажетті тасымалдау көлемдерін қамтамасыз ету үшін «Қазтеміртранс» АҚ 29 мың жартылай вагонға ие. Қолда бар вагон паркі жылу электр орталықтарына, коммуналдық-тұрмыстық секторға және өнеркәсіптік тұтынушыларға қатты отынды тасымалдау қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.