Қазақстанда жүргізушілерге медициналық тексеру ережелері өзгеретін болды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізуші куәлігін алуға үміткер қазақстандықтарды медициналық тексеруден өткізу ережелеріне түзетулер жобасын дайындады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Медициналық тексеру нәтижелері бірыңғай базаға беріледі
Медициналық тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді бірыңғай автоматтандырылған дерекқорға беру жоспарланып отыр.
«Жүргізушілердің медициналық жарамдылығы туралы, сондай-ақ медициналық қорытындымен расталған қарсы көрсетілімдердің болуы туралы ақпарат автоматты түрде ақпараттық дерекқорға берілетін болады», — делінген құжатқа қоса берілген түсіндірме жазбада.
Уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қажетті мәліметтерге қол жеткізе алады. Бұл бейінді қызметтерге жарамдылықтың өзектілігін жедел тексеруге және дәйексіз немесе ескірген ақпаратты пайдалану тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер
65 жастан асқан жүргізушілер, сондай-ақ мүгедектігі бар автокөлік әуесқойлары үшін қайта медициналық тексеруден өту мерзімділігі нақтыланады. Олар дәрігерлік комиссиядан екі жылда бір рет өтуге міндетті.
«Аталған санаттағы жүргізушілер үшін медициналық тексерулердің мерзімділігіне қатысты жаңа талаптар енгізілмейді», — деп атап көрсетілген жобада.
Бұл норма жол қозғалысы туралы заңда бұрыннан қарастырылған, ал қазіргі өзгерістер қолданыстағы ережелерді заңнамаға сәйкес келтіруге бағытталған. Министрлікте реформаның негізгі басымдығы цифрлық есепке алу мен ақпаратты уақтылы жаңартуға жасалғанын қосты.
Заңнамалық негіз
Бұйрық жобасын Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы 24 маусымдағы заңның нормаларын іске асыру шеңберінде әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылды. Өзгерістер механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін тексеруден өткізу тәртібін регламенттейтін 2020 жылғы 30 қазандағы бұйрыққа енгізіледі.
Медициналық анықтамаға сұраныстың өсуі
Бұған дейін жазда 073/у нысанындағы медициналық анықтаманы алуға сұраныс өрлегені хабарланған. Егер маусымда қазақстандықтар шамамен 37 мың құжат рәсімдесе, тамызда бұл көрсеткіш төрт есе өскен. Денсаулық сақтау министрлігінде ажиотажды Ішкі істер министрлігінің зейнеткерлік жастағы жүргізушілерге қатысты бақылауды күшейтуімен түсіндірді.
25 тамыздан бастап Қазақстанда «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді.
