Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды, деп хабарлады Экономика министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі көрсеткіштер

ҰСБ-ның алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,5%-ды құрады. Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.

Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша, аталған сектор 5,6%-ға өскен.

Өнеркәсіп және өңдеу секторы

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны тоғыз айда 8,6%-дан ағымдағы жылғы он айда 9,3%-ға дейін артқан.

Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) байқалады.

Басқа салалар

Құрылыс саласында өсім 13,1%-ды, көлік және қоймада – 7,5%-ды, саудада – 6,2%-ды, ауыл шаруашылығында – 5,2%-ды, байланыс саласында 4,9%-ды құрады.