2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ЖІӨ) 4,1%-ға өсті. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов президентке баяндады, деп хабарлайды Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9,8%-ға, көлік саласы 7,1%-ға, құрылыс 15,2%-ға артты. Сондай-ақ сауда-саттықта 5,7%, ауыл шаруашылығында 4,4% және байланыс қызметінде 4,3% өсім тіркелді.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4%-ға ұлғайды. Олжас Бектенов ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді.
Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады. Үкімет басшысы ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты.
Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион шаршы метрге жетпек. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көрсеткіші 15 триллион теңгені құрап, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайды. Шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлінді. Бюджеттің әр теңгесі 6,5 теңге жеке инвестиция тартуға септігін тигізді.
Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3%-ды құрады. Кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделеді.
