Қазақстанда жасанды интеллект жұмыс іздеу, түйіндеме жасау және жұмыстан айырылу қаупін анықтау үшін қолданылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Цифрлық жұмыспен қамту қызметінің әзірленуі туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның деректері бойынша, жүйе қазақстандықтардың білімі, тәжірибесі және дағдыларын ескере отырып, цифрлық профилін қалыптастырады.

Осының негізінде ЖИ тұрғылықты жерін ескере отырып, бос орындарды іріктей алады, ал қажетті құзыреттер жеткіліксіз болса — Skills Enbek платформасында оқуға ұсыныс жасайды. Бос орындар eGov Mobile арқылы хабарламалар түрінде келіп түседі.

Пилоттық жоба Павлодар облысында іске қосылды. 2026 жылдың соңына дейін оны бүкіл елге масштабтау жоспарланып отыр.

Еске салайық, 2035 жылға дейін Қазақстанға 2,9 млн маман қажет, оның 1,8 млн-ы — жұмысшы кәсіптері бойынша. Кадрлардың ең үлкен тапшылығы өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT саласында күтілуде.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда жұмыс берушілердің ең үлкен сұранысы қызмет көрсету, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік салаларындағы білікті жұмысшылар мен жабдық операторларына байланысты екенін жазған болатын.