Қазақстанда жедел жәрдем көліктері мен қоғамдық көліктер мобильді видеокешендермен жабдықталуда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда, әзірге бұл жабдықтар шектеулі көліктерге ғана орнатылған. Нақтырақ айтсақ, тек 3 жедел жәрдем көлігі мен 5 автобус мобильді видеокешендермен жабдықталған.

Бұл жабдықтардың аймақтар бойынша бөлінісі мынадай:

  • 01Астана – 2
  • 02Ақмола облысы – 2
  • 03Қарағанды облысы – 2
  • 04Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • 05Батыс Қазақстан облысы – 1

Сонымен қатар, полицияның патрульдік көліктерінің 14%-ы осындай камерамен жабдықталған.