Қазақстанда Volvo маркалы жүк көліктерін шығаратын кәсіпорын ашылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақ-швед сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссиясының отырысында Astana Motors және Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта Volvo жүк автомобильдерін өндіруге дайындық шаралары қарастырылған.
Министрліктің ресми хабарламасында: "Жобаның бастапқы кезеңінде алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған Volvo FH13 магистралды тартқыштарын шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыста кеңінен қолданылатын Volvo FMX13 автокөліктерін өндіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - делінген.
Швед автомобиль компаниясы бүгінде кеңейтілген модельді жүк көліктерін шығаратын әлемдегі көшбасшы өндірушілердің бірі болып саналады. Өткен жылы Volvo Trucks Қазақстанда алғашқы сервистік стансасын және Орталық Азия мен Кавказ өңірі үшін жаңа кеңсесін ашқан болатын.
