Қазақстанда Ветеринарлық палата құрылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құрылтай ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта Қазақстанда жеке Ветеринарлық палата құру көзделген.
Палатаға мүшелік ерікті болады, ал оны қаржыландыру көзі мүшелердің жарналары есебінен жүзеге асырылады.
«Палата ветеринар дәрігерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғайды, олардың есебін жүргізеді, сондай-ақ біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі», – деп атап өтті Құрылтай.
Сонымен қатар республикада ветеринариялық препараттардың айналымын бақылау жөніндегі фармацевтикалық инспекция құрылады.
Бұдан бөлек, жануарларды сату және сою, оларды сәйкестендіру құралдарының жоғалуы немесе бүлінуі туралы хабарлау мерзімдерін сақтау талаптары белгіленеді.
Сондай-ақ карантин аяқталғаннан кейін жануарларды бөлек ұстау және бақылаудағы объектілер межелі жерге жеткен соң ветеринариялық құжаттарды жабу тәртібі енгізіледі.
