Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Шеп-2026" оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери қызметшілер блокбекеттер мен елді мекендерге жасалған шабуылдарға тойтарыс беруді, сондай-ақ заңсыз қарулы құрылымдарды жоюды пысықтап жатыр.

Оқу-жаттығу барысында дрондарға қарсы күреске ерекше назар аударылып отыр. Бұл үшін мобильді атыс топтары, радиоэлектрондық күрес (РЭК) құралдары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қолданылуда.

Әскерилер қару-жарақ жасырылған орындарды іздеп, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.