Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бұл кезеңде төртемдер тіркелмеген. Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175) тұр.

Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген.

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.