Қазақстанда 2026 жылғы тамыз айында 166 547 автокөлік есепке қойылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, бір айда тіркелген көліктің жалпы санының 87,5%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6%-ын жүк автомобильдері, 2,6%-ын тіркемелер, 0,8%-ын автобустар, 0,7%-ын мотоциклдер және 2,7%-ын өзге де автокөлік құрады.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктің жалпы саны 6 088,7 мың бірлікке жетті.
Жалпы көлік паркінің құрылымы мынандай:
- 01жеңіл автомобильдер – 5 105,4 мың бірлік (83,9%);
- 02жүк автомобильдері – 496,1 мың бірлік (8,1%);
- 03тіркемелер – 263,9 мың бірлік (4,3%);
- 04автобустар мен шағын автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%);
- 05мотоциклдер – 75 мың бірлік (1,2%);
- 06өзге де автокөлік құралдары – 58,7 мың бірлік (1%).
Тамыз айында есепке қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті шығарылғанына 20 жылдан асқан автомобильдер құрады – 28%.
Ал тіркелген жеңіл автокөліктердің шығарылған жылдары бойынша бөлінісі мынандай:
- 013 жылға дейін – 40 513 бірлік (24,3%);
- 023 жылдан астам, бірақ 7 жылдан аспайтын – 12 986 бірлік (7,8%);
- 037 жылдан астам, бірақ 10 жылдан аспайтын – 6 011 бірлік (3,6%);
- 0410 жылдан астам, бірақ 20 жылдан аспайтын – 39 646 бірлік (23,8%);
- 0520 жылдан астам – 46 610 бірлік (28%).
Өңірлер бөлінісінде шығарылғанына 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдер Алматы облысында – 6 254, Жамбыл облысында – 4 643 және Түркістан облысында – 4 559 бірлік тіркелді.
