Қазақстанда 2026 жылғы маусымда инфляция 0,8%-ды құрады, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір азық-түлік тауарларының бағасында маусымдық төмендеу байқалғанымен, бағаның айлық динамикасына қызметтердің және азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлері ең көп үлес қосты. Бір айдың ішінде жекелеген көкөністер мен тамақ өнімдері арзандады.

Мысалы: - тәтті бұрыш бағасы – 12,6%; - қызылша – 7,8%; - жұмыртқа – 3,8%; - банан – 3,3%; - баялды – 1,7%; - қара шай – 1,1%; - бидай жармасы мен алма – 0,8%; - шоколад пастасы – 0,3%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың арасында бірқатар ұзақ пайдаланылатын тауарлар мен медициналық өнімдер бағасының төмендеуі байқалды. Мәселен, шаңсорғыш – 7,2%, үтік – 5,4%, медициналық бетперде – 4,1%, электр шәйнек – 2,9%, модемдер мен роутерлер – 1,5%, ноутбук – 1,2%, парацетамол – 0,8%, қолға арналған крем – 0,6% арзандады.

Ал, ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифтері 3,7%-ға, суық су тарифтері 3,2%-ға төмендеді.