Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы. 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие, - деп жазылған хабарламада.
Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді, дейді статистик мамандары. Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.
2026 жылдың маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда сүзбенің орташа бөлшек саудадағы бағасы бір килограмы үшін 2 457 теңгені құрады. Ең төменгі орташа баға Петропавл қаласында тіркелді – бір килограмы 1 661 теңге, ал ең жоғары баға Жезқазған қаласында – бір килограмы орта есеппен 3 060 теңге болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
