Қазақстанда жақын айларда Ресей азаматтары ресейлік мемлекеттік қызметтерді көпфункционалды орталық форматында — ЦОН қағидаты бойынша ала алатын пункт пайда болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы «Интерфакс» Ресей вице-премьері Дмитрий Григоренконың аппаратына сілтеме жасап хабарлады.
Ташкенттегі алғашқы жоба
Алғашқы осындай жоба Ташкентте «Русский дом» базасында іске қосылуға дайындалып жатыр. Онда ресейліктерге сұранысқа ие қызметтер, соның ішінде СНИЛС және электрондық қолтаңбаны рәсімдеу қолжетімді болады.
«Ташкентте «Русский дом» базасында біздің отандастарымыз ең сұранысқа ие қызметтерге — мысалы, СНИЛС немесе электрондық қолтаңбаны рәсімдеуге қол жеткізе алады», — деді Дмитрий Григоренко «Цифровые решения» форумында.
Қазақстандағы пункт
Өзбекстаннан кейін осындай қызмет көрсету пункті Қазақстанда ашылады. Хабарламада қала, мекенжай және іске қосылудың нақты күні, сондай-ақ қазақстандық пунктте қолжетімді болатын қызметтер тізбесі көрсетілмеген.
Болашақтағы кеңейту
Болашақта мұндай орталықтарды шетел азаматтары да пайдалана алады. Жоба «Поддержка граждан РФ за рубежом» бағдарламасы аясында ресейлік ведомстволар мен ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылады.
