Қазақстанда ата-аналардың екпеден жаппай бас тартуы салдарынан қызылша ауруы қайта өршіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, дертке шалдыққан балалардың 79%-ына екпе салынбаған. Олардың ішінде 59%-ы ата-анасының екпеге қарсы болуына байланысты вакцина алмаған.

Жыл басынан бері елде екпеден бас тартудың 19 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Мамандар бұл жағдай ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне әкеп соққанын айтып дабыл қағуда.

Жылдық жалпы көрсеткіштер төмендегенімен, қараша айынан бастап инфекцияның таралуы қайтадан күшейген. Осыған байланысты Алматы қаласында 6 айдан асқан сәбилерге қосымша вакцинация басталды.

Фото: Әлеуметтік желіден