Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы қызметкерлердің кәсіптері мен лауазымдары бойынша жалақы көрсеткіштерін жариялады. Іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 3 378,6 мың адам. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыс күшінің құрамы

Қызметкерлердің ішінде ерлердің үлесі – 48,1% (1 626,4 мың адам), ал әйелдер – 51,9% (1 752,2 мың адам).

Жалақы санаттары бойынша бөлініс

2026 жылы қызметкерлердің жалақы мөлшері бойынша бөлінісінде жоғары жалақы санаттарына ауысу үрдісі жалғасты:

  • 01100 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 3,3%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді;
  • 02100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі қызметкерлердің үлесі 43,0%-дан 39,3%-ға дейін төмендеді;
  • 03300 мың теңгеден жоғары жалақы алатын қызметкерлердің үлесі 53,7%-дан 58,4%-ға дейін өсті.

Өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларының қызметкерлерін қоса алғанда, барлық кәсіптік топтарда атаулы жалақының оң динамикасы байқалды, дейді бюро.

Кім қанша жалақы алады

  • 01ұйым басшылары – 1,1 млн теңге;
  • 02инженерлер – 702 мың теңге;
  • 03дәрігерлер – 491,4 мың теңге;
  • 04бухгалтерлер – 398,6 мың теңге;
  • 05автомобиль жүргізушілері – 328,1 мың теңге;
  • 06мейіргерлер – 264,6 мың теңге;
  • 07аспаздар – 192,6 мың теңге;
  • 08күзетшілер – 174,2 мың теңге.