Қазақстанда қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9%-ке төмендеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыстың ашылғанын хабарлады. Сондай-ақ сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылған.
Министр президентке киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді. Тоқаев елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін "Заң мен тәртіп" қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
